28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қайырымдылық көмек

 

Адамзаттың аты жаман індетпен күресе бастағанына төрт айдың жүзі болды. Әзірге бұл аурудың жеңдіретін түрі жоқ. Елдер есіктерін мықтап жауып, іргесін бекітіп, қарым қатынасты да мүлде тоқтатты, жерде поезд жүрмейтін, аспанда ұшақ ұшпайтын болды. Сонда да болса, короновирустың қарайтын түрі жоқ. Тіпті, ел аралап, кішігірім ауылдарға да жетіп үлгерді. Біздің елімізде жарияланған карантин режімінің талаптары қатайып, уақыты ұзартылды. Не болса да, амалын тауып, үйде тығылып, мына тажалдың жолын кеспесе болатын емес. Біраз тұрғындарға, әсіресе, кішкене балаларға психологиялық, материалдық көмек қажет болуда. Мұқтаж жандарға үкіметтен де,  жеке тұлғалар тарапынан да  жан-жақты қамқорлық жасалуда. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығы мен кәсіподақ ұйымы да осындай қайырымдылық шараларынан тыс қалмай кәсіпорындағы аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты аналар мен мүгедектігі бар зейнеткерлерге азық-түлік жинағы мен аурудан қорғануға қажетті дезинфекция құралдары, резеңке қолғаптар мен маскалар үлестірді. Қиын кезеңде көрсетілген қолдау үшін қызметкерлер комбинат басшылығына ризалықтарын білдіруде. Ал карантиндегі тұрғындарды жылу, су, жарықпен үздіксіз қамту үшін МАЭК ұжымы күні-түні тоқтаусыз қызмет етуде.

                                                                                                                                                                                                                                                                          Гүлбаршын Байназарова