Коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсетудің деңгейін арттыру және ыңғайлылық үшін, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС iOS және Android үшін мобильдік қосымшасын шығарды.
МАЭК мобильдік қосымшасы Сіздің уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді – барлық қажетті ақпарат енді Сіздің ұялы телефонда болады.
-
Қосымша арқылы Онлайн-төлем
-
Есептеу құралдарының көрсеткіштерін тапсыру
-
Есептеу құралдарын пломбалауға және пломбасын алуға өтінімді ресімдеу
-
Жеке шот бойынша есепке алу құралдарының алдыңғы көрсеткіштерін қарау
-
Бір жыл ішіндегі есептеулер, төлемдер және түзетулердің барлығы қол жетімді
-
«Сұрақ-Жауап» бөлімінде тарифтер, кассалардың жұмыс регламенті, қажетті байланыс телефодары және басқа да пайдалы ақпараттар
-
Сіз мобильдік қосымшаға тіркеліп, www.rkc.maek.kz сайтында жеке кабинетті қолдана аласыз.
МАЭК қосымшасымен Сіз коммуналдық қызметтер шығындарын оңай бақылай аласыз.