22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Басты тақырып – Мемлекеттік сатып алу

 

             «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС осы жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің қатарына енді. Соған орай, кәсіпорын басшылығы қызметкерлер үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша оқу ұйымдастыруды алға қойған болатын.

             Мамыр айының соңында комбинат басқармасының қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті. Оқуды Алматы қаласынан арнайы келген «Все закупки» орталығының бизнес жаттықтырушысы Наталья Худайбергенова  жүргізді.

            Айта кету керек, бұған дейін сатып алу қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ ережесі аясында өткен болатын. Ағымдағы жылдың басынан бастап сатып алуды ұйымдастыру бойынша департамент қызметкерлерінің жұмысы https://goszakup.gov.kz электронды алаңына толығымен көшті. Қазірде кәсіпорын мамандары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерін және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңды басшылыққа алуда.

           Ұйымдастырылған шара жауапты мамандар үшін өте пайдалы әрі нәтижелі өтті деуге болады. Оқу барысында тауар, жұмыс, қызметті дұрыс сатып алудың тәсілдері, заң шеңберінен ауытқып, елеулі бұзушылықтарға жол бермеу үшін қойылатын талаптар, заңды бұзудың  салдары тақырыптары кеңінен талқыланды.

           Семинар сабақтары аяқталғаннан кейін әрбір қатысушыға оқудан өткені туралы сертификат табысталды.

 

        6FB02FF2 A63A 4955 B3C6 E8896CBACB9D