25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жасыл экономика жолында

           

               МАЭК конференция залында «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу» ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықты әзірлеу жөніндегі техникалық жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шара бейне-конференциялық байланыс арқылы өткізілді, кәсіпорындарда кешенді технологиялық аудиттер жүргізу мәселелері талқыланды. Отырысқа экология және пайдалану департаментінің қызметкерлері қатысты.

             Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуіне сәйкес 2018 жылы жаңа Экологиялық кодекстің тұжырымдамасы әзірленді, ал 2019 жылғы 24 желтоқсанда Кодекстің әзірленген редакциясы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға және қабылдауға жіберілді. Жаңа Экологиялық кодекстің маңызды сәті Қазақстан кәсіпорындарының ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) пайдалана отырып, кешенді экологиялық рұқсатқа (КЭР) көшу мәселесі болып табылады. Энергетика, тау-кен өндіру, Мұнай және химия салаларында ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша салалық ақпараттық-техникалық анықтамалықтарды әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылды. Біздің кәсіпорынның мамандары «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу» ОҚТ анықтамалығын жасау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді. Жұмыс ауқымды және көпжоспарлы болады. ОҚТ анықтамалығы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар сапасының нормативтерін белгілей отырып, жасыл технологияларды енгізуге бағытталған ұсынымдық сипаттағы базалық құжат болып табылады. Онда саланың сипаттамасы, оның негізгі экологиялық проблемаларын талдау, ОҚТ анықтау әдістемесі, ОҚТ технологиялық және экономикалық көрсеткіштері, қолданылатын технологиялық процестерде қоршаған ортаға теріс әсерді азайту әдістері болады.

              Мұндай анықтамалықты әзірлеу үшін екі жыл қажет болады, бұл жұмыс тобының бірінші отырысында айтылды. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің бірінші кезеңі 150 энергетикалық, тау-кен, мұнай және химия кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу болады, бұл санға біздің кәсіпорын да кірді. 2025 жылдан бастап «бірінші санаттағы» ірі объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР) қолданылатын болады және қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға бағытталған ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) тетігі енгізілетін болады. ОТҚ-ға ауысқан кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады, қалған кәсіпорындар үшін шығарындылар үшін төлем ставкалары біртіндеп екі, төрт, сегіз есе артады. КЭР алу жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін міндетті болады.

Ольга Маркина

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

На пути к зеленой экономике