Кəсіпорынның еңбек ардагері Талпах Шадиев тоқсан жасқа шықты. Ақсақалдың бұл атаулы мерекесі комбинат басшыларының назарынан тыс қалмады. Ардагерді ұжымның атынан құттықтауға кəсіподақ жетекшісі Ольга Шабунина мен Адам ресурстарын басқару департаменті директорының орынбасары Сəкен Шамов барды. Туған күн иесіне əріптестері дайындаған гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтарын табыстап, игі тілектерін жеткізді. Бұл күні Шадиевтер отбасына Ақтау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбаев та арнайы келіп құттықтап, жылы лебізін арнады.Қонақтарды ақсақалмен бірге оның қызы Сұлухан қарсыалып, əкесінің еңбегін елеусіз қалдырмай, құттықтап келген-деріне ризалығын білдірді. Кəсіпорын зейнеткері Талпах Шадиев комбинатта 1968 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті. Көп жыл комбинатта қарапайым құбыр слесарі, жөндеуші-слесарь болып еңбекетіп, құрметті демалысқа шыққан. Жасы бір ғасырды толтыруға жақын болса да ақсақал əлі тың, балаларының қамқорлығында, құрметті демалыста.
Гүлбаршын Байназарова