22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбегін өлшеусіз, ақ халатты абзал жан!

             

              Маусым айының үшінші жексенбісінде еліміз Медицина қызметкерлері күнін атап өтті. Өздерін адамдарды аурудан сауықтыратын  жауапты іске арнаған асыл жандардың күні. Олар әрқашан күндіз де, түнде де  миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Дәрігерлердің қоғамдағы рөлі әрқашан маңызды,  әсіресе, қазіргі бүкіл әлем пандемиямен күресіп жатқан кезенде.

             Біздің комбинатта денсаулық сақтау пункттері бар. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында біз ЖЭО-2 денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Елена Головковамен және АКБ пайдалану бөлімінің денсаулық сақтау пунктінің медбикесі Людмила Макаровамен әңгімелескен едік.

            Бастапқыда МАЭК (МЭЗ), басқа зауыттар сияқты, қала құраушы ПГМК кәсіпорынының құрамына кірді. Сол кездің өзінде зауыттарда МСЧ-102 орталық-емханасына қарасты алғашқы денсаулық сақтау пункттері пайда болды. Қайта құрудан кейінгі уақытта әр кәсіпорындар секілді МАЭК-те де жеке емхана ұйымдастырылды. Одан әрі қайта құрылу барысында емхананың жойылуына байланысты энергокомбинаттың денсаулық пункттері ЖЭО-2 орналасқан бас денсаулық сақтау пунктінің ведомствосына көшті.

            Бұл 2014 жылғы 1 маусымда болды, ал бүгінде біздің кәсіпорынның өмірлік қажетті қызметінде 15 фельдшер жұмыс істейді. Елена Вадимовнаның айтуынша, олардың қызметі МАЭК-тің үлкен ұжымының бүкіл әл-ауқатын үнемі бақылауда ұстап отыру болып табылады. Қажет болса, олар науқасқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетеді, оларды емхананың дәрігеріне немесе стационарлық емдеуге жібереді. 

            Қажет болған жағдайда науқасты емдеу мекемесіне тасымалдауға және жолда медициналық көмек көрсетуге де мүмкіндіктері бар. Осы жерде, денсаулық сақтау пунктінде диспансерлік бақылаудағы адамдарды дәрігердің тағайындауы бойынша рецидивке қарсы емдеу жүргізіледі. Әрине, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жұмыскерлері ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді.  

             Дәрігерлер кәсіпорында аурудың, мүгедектіктің және жарақаттанудың алдын алу және азайту бойынша шараларды әзірлеуге қатысады, комбинат қызметкерлері арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. МАЭК-те 4 денсаулық сақтау пункті бар. Кәсіпорында инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі алдын алу шаралары шеңберінде мынадай шаралар жүзеге асырылады: жоғары температурасы бар және инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнынан міндетті түрде шеттете отырып, олардың дене температурасын өзгемен байланыссыз бақылау жүргізіледі.

АКБ денсаулық сақтау пункті

           Мұнда жұмыс күні таңертең басталады. Күн сайын медбикелер Людмила Макарова мен оның екі әріптесі Гүлжамал Дүйсенбаева мен Тілекші Әбілова жүргізушінің денсаулығын, жұмысқа дайын екендігін анықтай отырып, рейс алдындағы және ауысым алдындағы медициналық тексерулер жүргізеді. «Ең бастысы-жүктердің сақталуы мен жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың өмірі үшін тасымалдаушылардың жауапкершілігін есте сақтау ғана емес, сонымен бірге олармен осы жауапкершілікті бөлісу»,- дейді Людмила. Адамның көңіл күйіндегі бірде-бір алаңдатарлық факторды жіберіп алмау, әртүрлі аурулардың ең алғашқы белгілерін тану, жүргізушіге оның жұмысына кедергі келтіретін барлық нәрсені байқау маңызды. Алкогольді, есірткіні, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді, алкогольді уланудың қалдық құбылыстарын (асқазан синдромы), шаршауды анықтау. Мұндай белгілер анықталған жағдайда жүргізушілер көлік құралдарын басқаруға, ал жұмысшылар жөндеу жұмыстарына жіберілмейді.

           АКБ пайдалану бөлімінің денсаулық сақтау пункті дәрігерлерінің назарына және кәсібилігіне үлкен құрметпен қарауымыз керек.  Сондай – ақ, медициналық тексерулер көліктегі жұмыстың міндетті шарты екенін және бұл бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн. Жалпы, ауысым алдындағы кабинеттің жұмысы қатаң түрде ҚР санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес жүргізіледі.

           Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциялардың алдын алу және онымен күресу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бөлімшеде СOVID-19 бойынша үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (нұсқаулықтар, плакаттар) жүргізіледі, автокөлікте және үй-жайларда қолға арналған тері антисептиктері бар, қатаң бетперде режимі енгізілген, дезқұралдарымен үй-жайларды күн сайын жинау, көлікті міндетті дезинфекциялау жүргізіледі.

          Кәсіпорынның барлық қызметкерлері алдын алу шараларын, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандырылған: жұмыс күні бойы қолды сабынмен үнемі жуу немесе тері антисептиктерімен өңдеу.

Безымянный

Барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ең маңызды және ізгілікті мамандықтардың бірін таңдаған жандарға мықты денсаулық және еңбекте табыс тілейміз. 

IMG 5466

IMG 5509