15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Тарифтерді көтеру мәселесі туралы

      «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС (МАЭК) жылу энергиясын, ауыз суды, ыстық және техникалық суды қала тұрғындары үшін өндіретіндігі баршамызға белгілі. Кәсіпорын қызметінің бұл түрлері табиғи монополиялар туралы заңнамамен реттеледі, оcыған сәйкес өнімнің аталған түрлеріне тарифтер бес жылда бір рет бекітілiп, белгіленген мерзімі біткеннен кейің  қайта қаралуға жатады. Қолданыстағы тарифтер 2015 жылы бекітілді және қазіргі уақытта олардың қолданылу мерзімі аяқталды. Заң нормаларын сақтай отырып МАЭК Маңғыстау облысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне келесі 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі бес жыл мерзіміне арналған жаңа тарифтерді қарауға өтінім берді.
   Қатаң регламенттелген рәсімдерге сәйкес табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау органы 2019 жылдың 16 қыркүйек күні МАЭК ұсынған жылу энергиясын, ауыз, ыстық және техникалық суды өндіру тарифтерінің жобаларымен таныстыру және жария талқылау  мақсатында жария тыңдау ұйымдастырды. Әрине, бұл жұмыс күні болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алмады. Дегенмен, тыңдауда көптеген өткір мәселелер айтылды, соның ішінде қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты болмаса да қойылған  барлық сұрақтарға  жауап берілді. Осы тыңдауда жұртшылықтың    МАЭК қызметі туралы көпшіліктің әлі де ақпараттармен жете  таныс еместігі, кәсіпорынның тұрғындар үшін ашықтығының жеткіліксіздігі көрінді.
    Тарифтік саясатқа, алынған қаражатты жұмсауға және т. б. кәсіпорын қызметіне қатысты шынайы ақпаратты алуға барлық мүдделі тұлғалар төменде көрсетілген сілтемелер арқылы мәліметтер ала алады.
МАЭК сайты: https://maek.kz/index.php/portfolio-2/news/211-public-slushaniya
      Алдағы уақытта МАЭК сайтында тұтынушыларға өз сұрақтарын қоюға және қысқа мерзімде оларға жауап алуға мүмкіндік жасалады.
     Бүгінгі жарияланымда біз жоғарыда аталған тарифтердің алдағы өзгерістеріне қатысты ақпаратты жұртшылықтың назарына жеткізуді көздедік.
      Жылу энергиясын және судың барлық түрлерін өндіруде пайдалануға қажетті табиғи газ, әртүрлі материалдардың, химиялық реагенттердің жыл сайын бағасы қымбаттап жатқаны көз алдымызда өтуде.  1960-70 жылдары пайдалануға берілген өндірістік жабдықтарды ұстап тұтыну,  олардың жұмысқа қабілетті жағдайын сақтау  жыл сайын үлкен қаржылық салымдарды талап етеді.
     Нәтижесінде өндіруден алатын өнімнің өзіндік құны да сөзсіз өсуде, бұл өз кезегінде МАЭК үшін аталған шығындарды қаржыландыруға қаражат алудың жалғыз көзі болып табылатын тарифті ұлғайту қажеттілігіне әкеледі және Заң бойынша өнім өндіру шығынсыз болуы тиіс. Осыған қарамастан, табиғи монополияны және бәсекелестікті қорғау органы 2015 жылы аталған қызметтерге  МАЭК тарифтерін өзіндік құнынан едәуір төмен бекітті, оның негізсіздігі сотта дәлелденді де. Осыған байланысты кәсіпорын 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде жылу мен су өндіруден  12,5 млрд.теңге шығын шеккен. Бұл шығындар осы жылдар ішінде электр энергиясын өндіруден түскен табыс есебінен жабылып келді.. Алайда 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап электр энергиясын өндіру тарифі нөлдік рентабельділігі бар өзіндік құн деңгейіне дейін төмендетілді, ал электр қуаты нарығында қызмет көрсетуден кәсіпорын алатын қаражат электр энергиясын өндіретін жабдықтарды жөндеуге және жаңартуға ғана жетеді.
       МАЭК ұсынып отырған 2019-2023 жылдарға арналған өтінімдегі тарифтердің деңгейлері өнімнің өзіндік құнын (тек өндіріспен байланысты шығындарды), сондай-ақ жабдықты жарамды күйде ұстау мақсатында инвестициялық бағдарламаларды орындауға бағытталған шығындардың болмашы үлесін өтеуді ескере отырып қана қалыптастырылған және нақты пайда алуды көздемейді. Яғни, МАЭК өндірісіне қатысты қолданыстағы тарифтерге қарағанда  жылу энергиясы 63% - ға, ауыз су 35% - ға, техникалық су 174% - ға, ыстық су 43% - ға жоғарлатуға өтініш берді. Бұлар, әзірге бекітілген тариф болып есептелмейді. Қазіргі уақытта табиғи  монополияны және бәсекелестікті қорғау  органы ұсынылған есептерді тексеруде және дәлелденген нәтижелері бойынша  қорытынды жасайтын қатерге ұсынамыз..
    Тұтынушы тек өнім өндіруге жұмсалған шығынды ғана емес, сондай-ақ аталған ресурстарды тасымалдауға кеткен қаражатты да төлейтіндіктен, тұрғындарды соңғы төлем қалай өзгеретіні, яғни олардың әмиянына түсетін жүктеменің қандай болатыны көбірек қызықтыратыны түсінікті. Төменде келтірілген кестеде МАЭКтен жеткізілетін өнімнің барлық түрлеріне 1-, 2-, 3- бөлмелі пәтерлерге орта есеппен төлемнің   қала тұрғындары үшін қалай өзгеретіні  жөніндегі мәлімет ұсынылады:

Ресурс атауы

Энергоресурстардың жіберілген көлемі

Соңғы тұтынушыға дейінгі ағымдағы тарифтер, ҚҚС-мен теңге

Соңғы тұтынушыға дейінгі қызметтердің құны, ҚҚС-мен теңге

Соңғы тұтынушыға дейінгі ұсынылғантарифтердің жобасы,  ҚҚС-мен теңге

Соңғы тұтынушыға дейінгі қызметтер құнының жобасы, ҚҚС-мен теңге

Қызметтер құнының күтілетін өсуі

теңге

%

1-бөлмелі пәтер (35 кв.м.)

Электроэнергия

190 кВтч

17,29

3 285

17,29

3 285

0

0%

Жылу энергиясы (ЖЖЕА-мен)

0,8316 Гкал

2 385,79

1 984

3 202,98

2 664

680

34%

Ауызсу

1,65 м3

223,87

369

251,84

416

47

13%

Техникалық су

1,25 м3

104,9

131

114,95

144

13

10%

Ыстық су

2,20 м3

201,76

444

221,45

487

43

10%

1 бөлмелі пәтер бойынша барлығы

 

 

6 213

 

6 996

783 

13%

2- бөлмелі пәтер (55 кв.м.)

Электроэнергия

246 кВтч

17,29

4 253

17,29

4 253

0

0%

Жылуэнергия (ЖЖЕА-мен)

1,3068 Гкал

2 385,79

3 118

3 202,98

4 186

1 068

34%

Ауызсу

3,75 м3

223,87

840

251,84

944

104

12%

Техникалық су

2,88 м3

104,9

302

114,95

331

29

10%

Ыстық су

3,80 м3

201,76

767

221,45

842

75

10%

2  бөлмелі пәтер бойынша барлығы

 

 

9 280

 

10 556

1 276

13%

3- бөлмелі пәтер (70 кв.м.)

Электроэнергия

315 кВтч

17,29

5 446

17,29

5 446

0

0%

Жылуэнергия (ЖЖЕА-мен)

1,6632 Гкал

2 385,79

3 968

3 202,98

5 327

1 359

34%

Ауызсу

5,0 м3

223,87

1 119

251,84

1 259

140

13%

Техникалық су

3,88 м3

104,9

407

114,95

446

39

10%

Ыстық су

5,20 м3

201,76

1 049

221,45

1 152

103

10%

3  бөлмелі пәтер бойынша барлығы

 

 

11 989

 

13 630

1 641

13%

 

       МАЭК басшылығы қала тұрғындарының қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. МАЭК өзі өндіретін жылу энергиясына және судық барлық түрлеріне тарифті көтеруді сұрауға мәжбүр, ал олай болмаған жағдайда кәсіпорын желілердің жөндеулері мен жаңарту жұмыстары былай тұрсын, аталған өнімдерді шығара алмайтын жағдайға жетеміз. Нәтижесінде МАЭК үшін де, тұтынушылардың қай қайсысы үшін де жақсы болмайды.
   МАЭК баршаңызбен ашық сөйлесуге әрқашан дайын.  Кәсіпорынның басшылығы мен  салалық мамандары тұрғындарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге және сындарлы ұсыныстарды қарауға, қабылдауға дайын.
 

                                     «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі

 

{jcomments off}