05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Кәсіпорын қызметі күн тәртібінде

 

    Ақтауға Маңғыстау облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаровтың  басқаруымен ҚР Энергетика министрлігі мен Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы – KEGOC компаниясының арнайы жұмыс тобы келді.

      Жұмыс тобы Маңғыстау атом энергетика комбинатының (МАЭК) қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
     Кездесу барысында МАЭК-тегі технологиялық және өндірістік үдерістерді жаңғырту, өндірілген электр энергиясын өткізу, мемлекеттік сатып алулар кезінде туындайтын мәселелер, инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен Каспий теңізінің тайыздануы секілді маңызды тақырыптар көтерілді.
    "Әрбір мәселе жан-жақты қарастырып, терең талқылауды қажет етеді. Біз проблемаларды блоктарға бөліп, оларды министрлік деңгейінде жүйелі түрде шешу тетіктерін айқындадық. Бұл мәселелерді орталық мемлекеттік органдармен тағы жеке талқылайтын боламыз", - деді Бекбол Орынбасаров.
      Кеңес барысында МАЭК-ті технологиялық жөндеу қажеттігі де қозғалды. Айта кетейік, бүгінде кәсіпорынның тозу деңгейі 80 %-дан жоғары болып отыр.
      «Бүгінде МАЭК-ке 60 жыл толды. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Өйткені МАЭК - жылу, электр энергиясы мен ауыз суды өндіретін, бүкіл Маңғыстау өңірінің тіршілігіне тікелей әсер ететін стратегиялық нысан. Сондықтан оның қазіргі жағдайы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Біз қандай көмек көрсете аламыз? Кейбір мәселелер заңнамалық шешімді талап етеді. Сол себепті тиісті мемлекеттік органдар мен сала мамандарын тартуға дайынбыз», - деп атап өтті Сенат депутаты.