05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Ұрпақтар сабақтастығы - мерекеден мерекеге

 

       Мамыр айы – тарихпен тұтасқан тағылымды кезең. Біз бұл айда Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін құрметпен еске аламыз. Жеңістің іргетасын қалап, бейбіт өмір үшін жанын салған жандардың ерлігі – ұрпақтар жадында мәңгілік сақталуы тиіс. Арада көп өтпей, 1 маусым - жас өркендерді, балаларымызды  құттықтайтын мереке де келіп жетті. 

       Халықаралық балаларды қорғау күні – күлкі мен қуанышқа толы күн ғана емес, бұл қоғамның әр баланың бақыты мен қауіпсіздігіне жауапты екенін еске салатын ерекше күн. Әр бала өзін сүйікті, қорғалған және қажет екенін сезінетін ортада өсуі тиіс. Бұл – әрбірімізге жүктелген жауапкершілік.

      Осы мереке аясында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Жергілікті кәсіподағы жыл сайын ұйым мүшелерінің балалары мен немерелеріне арнап арнайы шара ұйымдастырады. Биыл да дәстүр жалғасын тауып, 3 пен 9 жас аралығындағы балалар үшін Ақтаудағы ойын-сауық орталықтарында көңілді және мазмұнды мерекелер ұйымдастырылды. Аниматорлар, түрлі ойындар, аттракциондар мен қызықты конкурстар мерекеге келген кішкентай қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Күні бойы өткен ойын-сауыққа толы мереке кішкентай қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.

       Бүгінде Жергілікті кәсіподақ құрамында 800-ден астам мүше бар. Ұйымда отбасылар мен балаларға қолдау көрсету – басты басымдықтардың бірі болып саналады.