05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Жеңіс тұғырына бір қадам қалғанда

 

      24 мамыр күні Ақтауда әуесқой командалар арасында шағын футболдан өткен көктемгі Суперлига өз мәресіне жетті. Екі айға созылған бұл додада өңірдің түкпір-түкпірінен 42 команда бақ сынады. Ойындар бірнеше дивизионда өтті - Суперлига, Жоғары лига және үш әуесқой лига. Турнирді Маңғыстау облыстық футбол федерациясы мен Маңғыстау футбол лигасы бірлесіп ұйымдастырды.

      Жергілікті кәсіподақ атынан қатысқан «МАЭК» командасы негізгі дивизион - Суперлигада жарысқа түсті. Бәсеке барысында команда 10 рет ойын өткізіп, 5-уінде жеңіске жетті, 1 ойында тең түсіп, 4 матчта қарсыластарына есе жіберді. Жарыс қорытындысы бойынша маэктіктер 16 ұпай жинап, үздік төрттіктің қатарынан көрінді. «Бұл - құрамында кәсіпорын қызметкерлері ғана бар ұжым үшін жоғары деңгейлі көрсеткіш. Команда тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде ойнап, сенімді ойын көрсетті», - дейді бұл тұралы Маңғыстау облыстық футбол Федерациясының президенті Марат Төлепбергенов.

     Турнир нәтижесінде Dental Art командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Murager, үшінші орынды Atrium командасы еншіледі. Жарысқа қатысқан көп командалар арасынан төртінші орынға тұрақтаған МАЭК спортшылары да  жеңіске деген жігерімен және ұйымшылдығымен ерекшеленді.

     Команда «МАЭК» ЖШС басшылығына және кәсіподақ комитетіне көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдіреді. Алдағы кездесуде спортшыларымызға тек жеңіс тілейміз - екі аптадан кейін басталатын Маңғыстау облысының көктемгі біріншілігінің Кубогында МАЭК командасы қайтадан өз бағын сынамақ.