«МАЭК» ЖШС (Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 7-өнеркәсіптік аймақ, 65-ғимарат) «Табиғи монополиялар туралы» 27.12.2018 ж. №204-VI ҚР Заңының 25-бабының 9-тармағына сәйкес, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру және (немесе) жабдықтау жөніндегі тарифтік сметалардың орындалуы, магистральдық құбырлар (ауыз су, техникалық, ыстық су) бойынша су беру жөніндегі қызметтер, жылу энергиясы мен ыстық су өндіруге, ауыз су мен техникалық су өндіруге бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп бойынша бойынша ТЫҢДАУ ӨТКІЗЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ.
Тыңдау 2025 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де Ақтау қаласы, 1-шағын аудан, 18/2 ғимарат «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени-тынығу қызмет орталығы» (Дружба МҮ) мекенжайы бойынша өткізіледі.