03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Теориядан практикаға: НЗМ оқушыларының "МАЭК" ЖШС-не сапары

         Мектеп бағдарламасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушылары "МАЭК" ЖШС-не келді. Бұл сапар кешенді ғылыми-зерттеу сабағы аясында оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.                        

        -Химия сабақтарында оқушылар ауаның құрамымен танысқан. Олар атмосфераны қандай газдар құрайтынын біледі, бірақ іс жүзінде нақты өлшеулердің қалай жүргізілетінін көруі керек. Оқушылар кәсіпорынға келіп, химиктер мен экологтардың зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетінін, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандағы ауаның жай-күйі туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік алды, - дейді НИШ химия пәнінің мұғалімі Тойбибі Шадқам. 

         Бұған дейін балалар өздерінің зерттеу жұмыстары аясында "CASPI BITUM "БК" ЖШС-не барған, болашақта "ҚазАзот" АҚ аумағындағы ауаны өлшеуді жоспарлап отыр. Оқушылар зерттеу барысында алынған барлық деректерді жинап, талдайтын шағын зерттеу жұмысын жүргізуге ниетті.   

         МАЭК және облыстық экология департаментінің мамандары оқушылармен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеу жүргізу әдістемелерін көрсетті.

         Мұндай танымдық сабақ білім берудегі ең маңызды кезең, өйткені ол оқушыларға химияның теориялық аспектілері туралы білім беріп қана қоймай, болашақта балаларға пайдалы болатын практикалық дағдыларды да үйретеді.