03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

AMANAT: бастауыш партия ұйымдары арасындағы байқау

       «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы өңірдің ірі  кәсіпорындарында жұмыс істейтін бастауыш партия ұйымдары арасында өткізілген байқау жеңімпаздарының есімдерін атады.  Ұйым мүшелерінің саны 500-ге дейін болатын партия ұйымдары арасында «МАЭК» ЖШС екінші орынды иеленді. Ал бірінші орын «№2 Мұнай-газ өндіру басқармасы» бастауыш партия ұйымына бұйырды.  Үшінші орынға «Шалқыма»   партия ұйымы ие болды.

      Бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен белсенділігін күшейту мақсатында өткізілетін бұл конкурс қатысушылардың қоғамдық белсенділігін арттырып, оларды партия қызметіне қатысуға ынталандыруға  ықпал етеді. Байқауға  қатысушылардың жұмыстарындағы креативті тәсілдерге ерекше назар аударылды. Ұйымдар өткен жылғы жұмысы туралы есептерді жаңа форматта, слайдтарды қолдана отырып ұсынды. Бұл презентацияларды көрнекі және түсінікті етуге ықпал етті.

      Кәсіпорынның байқаудағы жеңісі Анатолий Жданов пен оның хатшысы Лейла Жайлаубаеваның басшылығымен ұйымдастырылған «МАЭК» ЖШС бастауыш партия ұйымының табысты жұмысының дәлелі деуге болады. Сондай-ақ, ұйым мүшелерінің партияның саяси маңыздылығын алға қойып, оның жұмысына жоғары жауапкершілікпен атсалысуы да байқауда жүлдегер атануға мүмкіндік берді.