03.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жылдың үздік қызметкері: Ерлан Көшбаев

 

          «Кәсіпқойлық және шеберлік» номинациясында жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізгені үшін Желілер және қосалқы станциялар цехының электр монтері Ерлан  Көшбаев «2024 жылдың үздік қызметкері» атағын иеленді.

46 жастағы Ерлан Арысұлы бұл цехта 2005 жылдан бері еңбек етеді. Оның қызметтік міндеттері ЦРП-1 қосалқы станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және электр коммуникацияларының жарамдылығын мониторингтеу, желідегі және пайдаланылатын жабдықтардағы зақымданулар байқалған жағдайда   жедел әрекет етіп,  қалыпқа келтіру. 

        Ерлан Ш.Есенов атындағы университеттің Өнеркәсіптік жылу энергетикасы  факультетін инженер-жылу энергетигі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек еткен жылдары ол өз білімін, тәжірибелік дағдыларын  үнемі жетілдіріп, қосымша аккумуляторшы мамандығын игерді. Ал 2009 жылы қосалқы станцияларға қызмет көрсету электромонтері қызметіндегі  біліктілік деңгейін 6 разрядқа көтерді.

        Ұжым басшылары Ерланның лауазымдық міндеттерін орындаудағы ерекшеліктері мен кәсіби біліктілігін,  жұмысына деген адалдығы мен жауапкершілігін жоғары бағалайды. Ал әріптестері оны өте сабырлы, байсалды, жұмыс барысында үйретуден жалықпайтын,  ағалық қамқорлығын аямайтын жомарт жан ретінде құрметтейді.