Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, «МАЭК» ЖШС-нің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге келіп түскен өтініші бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру және (немесе) жабдықтау.
Жария тыңдау 2025 жыл 4 ақпан сағат 15.00-де Ақтау қаласы, 4 шағын ауданы, «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені».
Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400).
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.
Қоғамдық тыңдаудың орны мен уақыты өзгерсе, қосымша ақпарат беріледі.