26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технология қызметкерлерінің күні

 

       Кәсіпорынның Ақпараттық-есептеу орталығы мен Автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылуы БН-350 реакторлық қондырғысының негізгі жабдықтарын ретке келтіріп, монтаждау жұмыстарымен қатар жүргізілді. 1969 жылдың 10 қарашасында БН-350 реакторының автоматика зертханасы жанынан  Есептеу техникасы тобы құрылды. 1971 жылдың 16 тамызында бұл топ кәсіпорын басшылығы бұйрығымен АСУП болып қайта жасақталды. Бұл күн кәсіпорынның Цифрландыру және ақпараттық технологиялар орталығының туған күні болып саналады.  

       Бүгінде  орталық қызметкерлері заман ағымына қарай жедел дамып келе жатқан технологиялық жаңалықтардан тыс қалмай, үнемі жаңа бағдарламалар әзірлеп, қолданысқа енгізіп келеді.

    Цифрландыру және ақпараттық технологиялар орталығында 104 адам қызмет етеді. Орталық 4 бөлімнен және Технологиялар мен байланыс қызметінен тұрады. Орталықтың негізгі қызмет бағыттары – бизнес процесстерді автоматтандыру және ақпараттық жүйелерді қолдау, өндірісті цифрландыру, басқару және есепке алу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, қолдау, пайдаланушылар мен жабдықтарға техникалық қолдау көрсету, жүйелердің үздіксіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету, талдау және деректерді басқаруды жақсарту, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту. Қазіргі кезде цифрландыру бойынша кәсіпорында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Олар, өндірісті цифрландыру, даму жоспарын қалыптастыруды автоматтандыру, қазіргі озық технологиялар мен шешімдерді енгізу, қызметкерлердің өзара ақпарат алмасуын оңтайландыру, дамыту, есептілікті қамтамасыз ету. Бұл бағыттар компанияның цифрландыру мақсаттарына қол жеткізуге, операциялық тиімділікті арттыруға, инфрақұрылымның  сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

      Әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!