14.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жария тыңдау өткізілді

 

      26 қыркүйекте "МАЭК" ЖШС-нің 2025-2029 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру және жабдықтау, магистральдық құбырлар арқылы су беру (су өндіру) жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге түскен өтінімдері бойынша Жария тыңдаулар өтті.

      Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған тыңдауларға энергия кәсіпорнының қызметкерлері, тұтынушылар, сондай-ақ өңірдің қоғамдық белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. 

      "МАЭК" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жанат Көшмағанбетова энергокомбинаттың негізделген есептелген қажеттіліктерін ескере отырып, "МАЭК" ЖШС-нің 2025-2029 жылдарға арналған тариф жобасын ұсынды. Тарифтерді көтеру қажеттілігінің себептерін анықтайтын негізгі маңызды факторлар газды сатып алу және тасымалдау шығындарының артуы, сондай-ақ электр энергиясын өндіру шығындарының артуы болып табылады.

      Тарифтер жобасын талқылағаннан кейін энергия кәсіпорнының қажеттіліктері мен тұтынушылардың ұсыныстарын ескере отырып, шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қабылдайтын болады.