14.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: Дистиллят дайындау және өндірістік жылу, сумен жабдықтау зауытының ұжымымен кездесу

 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу мақсатында 24 қыркүйекте кәсіпорындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Дистиллят дайындау және өндірістік жылу, сумен жабдықтау зауытының ұжымымен кездесті.

      Мұндай іс-шаралар Серіктестік қызметкерлеріне кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты жеткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларын азайту мақсатында кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде өткізіледі.

     Кездесуде зауыт қызметкерлеріне кәсіпорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға қызмет еткен алғышарттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат жеткізілді. Байқау кеңесіне тікелей бағынатын кәсіпорында жеке дербес бөлімше құрудың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа абсолютті төзбеушілік саясатын іске асыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендету бойынша тиімді шаралар әзірлеу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы саласындағы нормалардың кәсіпорында сақталуын бақылау болып табылады.

     Сондай-ақ, бөлімше қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы және серіктестіктің басшылығына сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың көріну фактілері туралы жедел желі (сенім телефоны) 64-266 нөмірі арқылы, электрондық Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  поштасы арқылы немесе тікелей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгіне алады.  құрылған байланыс арналары арқылы жеткізу мүмкіндігі туралы хабардар етілді Кездесуде атап өтілгендей, келіп түскен әрбір шағымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мұқият қарап, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша тиісті іс-шаралар өткізетін болады.

     Шағыммен жүгінген қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылыққа және қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі.