20.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорында сейсмикалық жаттығу өткізілді

 

         «МАЭК» ЖШС-нің 201 ғимаратында «Жер сілкінісіне дайындық, күшті жер сілкінісі  кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарды, ғимараттар мен аумақтардағы қауіпсіз эвакуациялау жолдарын пысықтау. Әкімшілік ғимараттан қызметкерлерді эвакуациялау» тақырыбында сейсмикалық жаттығу өткізілді.

       Жер сілкінісі бойынша дабыл қағылып, эвакуация жөніндегі хабарландыру жасалған бойда қызметкерлер жұмыс орындарындағы өрт туындауы мүмкін техникаларды, электр құралдарын тоқтан ажыратып, дереу  далаға шығуға бет алды. Бұл кезде Қауіпсіздік қызметкерлері ғимараттың төменгі қабатындағы негізгі және қосалқы эвакуация жолдарын, барлық есіктерді ашып, кептеліс, кедергі болмас үшін кіріп-шығу терминалдарының да жұмысын уақытша тоқтатты. Қызметкерлер сыртқа шығып, арнайы жиналу орнына,  қауіпсіз аумаққа келіп тұрды. 

         Алаңға жиналған комбинат қызметкерлері алдында «МАЭК» ЖШС жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шұғыл жағдайларда жүргізілетін тиімді шаралар туралы әңгімелеп, нұсқаулық жүргізді.

           Кәсіпорын  қызметкерлері сейсмикалық жаттығуға белсене қатысып, жер сілкінісі кезіндегі  қауіпсіздік іс-қимылдарын пысықтады.