20.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстан футболына 110 жыл

      

        Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай Маңғыстау облысына іс-сапармен арнайы келген Қазақстан футбол Федерациясының Президенті Әділет Барменкулов  облыс орталығындағы спорт орталықтарын аралап, олардың жұмысымен танысты, балаларға спорттық киімдерді сыйға тартты.

      Сонымен қатар, Маңғыстау футболының дамуына үлес қосқан азаматтармен кездесіп, Қазақстан футбол федерациясының «Қазақстан футболына 110 жыл» төсбелгісімен және Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында «МАЭК» ЖШС ДӨжӨЖСЖЗ №1 цехы 507 бригадасының қызметкері, Маңғыстау облысының Футбол Федерациясының бас төрешісі Марат Тулепбергенов та бар.

         Еңбек пен спортты қатар алып жүрген әріптесіміз Марат Ходжабердіұлының кәсіпорында қызмет еткеніне жиырма жылға жуықтады. Қазірде ол жастарды кәсіпке үйретіп жүрген комбинаттағы білікті мамандардың бірі.

         Әріптесімізді айтулы марапатымен құттықтаймыз!