20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Маңғыстаулық депутаттар мен журналистер ауызсу өндіретін зауыттардың жай-күйімен танысты

               Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ауыз су өндіретін нысандардың жұмысымен танысу үшін журналистерге, блогерлерге және қалалық, облыстық мәслихат депутаттарына баспасөз турын ұйымдастырды.

Турға қатысушылар алдыменен "МАЭК" ЖШС 2-Орталық сумен жабдықтау торабында (ОСЖТ-2) болды. Онда қазіргі уақытта кері осмос әдісімен су  тұшытатын өнімділігі тәулігіне 6000 м3 болатын жаңа  қондырғыны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 

         Осы қондырғыда өндірілетін су пермиат  деп аталады, ол "МАЭК" ЖШС Дистиллят өндіру және өндірістік жылу, сумен жабдықтау зауытының (ДӨжӨЖСЖЗ) ауыз су дайындау станциясына жіберіліп, онда тұтынушыларға берілетін ауыз суды дайындау үшін пайдаланылады.

         Қондырғының құрылыс-монтаж жұмыстарын "ЖанСу 362" ЖШС орындады. Жаңа кері осмос қондырғысында іске қосу  жұмыстары аяқталғаннан кейін Ақтау қаласының тұтынушыларына ауыз су өндіру көлемі ұлғаятын болады.

         Қонақтарды "МАЭК" ЖШС Бас директоры Кеңес Орақов пен ДӨжӨЖСЖЗ директоры Денис Саморуков қарсы алды. Басшылар журналистер мен депутаттарды кері осмос қондырғысының жұмысымен таныстырды, сондай-ақ оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

         Бұдан әрі баспасөз турына қатысушылар "Каспий" су тұшыту зауыты жұмысымен танысуға барды.