20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Су құбырындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

МАЭК» ЖШС-нің ОСЖТ-2 - ОСЖТ-3 ауыз су магистральдық құбырында 10-11 шілдеге қараған түні диаметрі 800 мм құбырдың екі учаскесін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді: бір учаскенің ұзындығы 22,5 м, екіншісі-11,5 м. Жұмыстарды орындау үшін 2 кран, 1 экскаватор және 1 жартылай тіркеме пайдаланылды. «МАЭК» ЖШС Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылусумен жабдықтау зауыты (ДӨжӨЖСЖЗ), Жөндеу зауыты, Автокөлік басқармасы мамандарынан құралған бригада жұмысты таңғы сағат 06:40-та аяқтады.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін су құбыры толтырылуға қойылды. Қазіргі уақытта ауыз су желілерінің жарылуын болдырмау үшін қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарында  су қысымы біртіндеп көтерілуде. ОСЖТ-4-ке су беру қалыпты жағдайда  жүзеге асырылуда.