06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақтау қаласы әкімінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі «2023-2024 жылдардағы жылу маусымының аяқталуы туралы» N°13-Ө өкіміне сәйкес облыс орталығында барлық нысандар үшін жылу маусымы 15 сәуірде аяқталды.

Бұл мәселе 11 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен штаб отырысында қаралып, шешім қабылданды.

Сонымен қатар, штаб отырысы барысында келесі шешімдер қабылданды:

– 22-26 сәуір аралығында «МАЭК» ЖШС құбырлардың ақаулы учаскелерін анықтау үшін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізсін. Бұл іс-шаралар жылу желілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған;

– ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап магистральдық жылу құбырларын қайта жаңартуға байланысты жазғы кезеңде қалаға ыстық су беру тоқтатылсын.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңіне сапалы дайындалу үшін «Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта құру және салу» жобасы аясында «МАЭК» ЖШС-не тиесілі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

«МАЭК» ЖШС бұл шаралар қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалатынын ескертіп, осы жұмыстар барысында туындайтын қолайсыздықтар үшін тұрғындардан  кешірім сұрайды.