23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жетім көрсең жебей жүр

                   Жетімнің көзі жасты екен,

                                                                  Удан да дәмі ащы екен.

                                                                  Әкенің мұз ба жүрегі?!

                                                                  Ананың бауыры тас па екен?!

                                                                                               (С. Қалиев)

«Сәбидің бәрі бақытты, Болуы үшін жаралған»... Солай..., Солай болуға тиіс қой... Өйткені, дүние есігін енді ғана ашқан нәресте жаратқанның да, пенденің де алдында бейкүнә. Бірақ, әттең... Заман тыныш, ел аманда талай бала ата-ана қамқорлығынсыз қалып, балалар үйінде тәрбиеленуге мәжбүр. Ондағы  апайлары  барынша мейірімін төгіп, өсіріп, ержеткізіп, ел қатарына қосқанмен, туған ана мен әкені алмастырмасы анық.

Осындай тағдырлы балаларды жыл сайын ораза айт кезінде кәсіпорынның Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің ұжымы шақырып, қайырымдылық шарасын өткізеді.  Биыл да осы дәстүрмен қаладағы балалар ауылының  бір топ тәрбиеленушілері ұжымға  қонаққа келді.  Оларды бөлімше алаңында қызметкерлер  ән-жырмен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Орталық алаңға тігілген ағаш үйге тағам түрлері мен тәттіге толы мол дастархан жайылып, балапандар құрметпен төрге отырғызылды. Бөлімше басшысы Вусал Юсифов бастаған әріптестер кішкентай қонақтарға жылы сөздерін арнап, бар дәмдіні алдарына тосып, сый-құрмет көрсетті.

Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Рахимов балаларға баянды өмір, бақытты болашақ тілеп, оларды бастап келген облыстық отбасы  үлгісіндегі балалар ауылы директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлнар Арызғұловаға балалар үйі ұжымының ұлағатты қызметі үшін Алғыс хат табыстады.   Өз кезегінде Гүлнар Майранбекқызы да кәсіпорын ұжымына ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды ұмытпай, олар үшін керемет мереке өткізгені үшін ризалығын білдіріп, бас директор мен бөлімше басшысы Вусал Юсифовқа Алғыс хат табыстады. Бүлдіршіндер де құрқол келмеген екен, ортаға шығып, «арманындағы» аналарына арналған әндерін шырқап, көңілімізді босатты.

Кездесу соңында мамандар өрт болған жағдайдағы өрт сөндірушілердің іс-қимылын көрсететін жаттығу ұйымдастырып, балаларға өрттің қаупі мен салдары, қорғану жолдары, өрт сөндірушінің күрделі қызметі туралы әңгімеледі. Кішкентай қонақтар өрт сөндіру құралдарымен, техникаларымен танысып, ұжым қызметкерлерімен естелік суретке түсті.