Бүгін «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахимов кәсіпорынның бас инженері қызметіне тағайындалған Сабит Желкушиновты ұжымға таныстырды.
Сабит Қасенұлы инженер-жылу энергетигі мамандығы бойынша жоғары білімді маман.
Ол еңбек жолын комбинаттың ЖЭО-2 бөлімшесіндегі Қазандық-турбиналық цехында турбиналық жабдықтар бойынша машинист-қараушы ретінде бастап Пайдалану департаментінің директоры қызметіне дейінгі кәсіби өсу сатыларынан өтті.
Бас директор Сабит Қасенұлының жаңа қызметіне табыс тіледі, сонымен қатар оған комбинатты дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары және негізгі өндірістік қызметіне қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.
Сондай-ақ, өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бас инженердің басшылығымен кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарының қарқыны едәуір артуы тиіс екенін атап өтті.
Сәбит Желкушинов өз кезегінде басшылыққа көрсеткен сенімі үшін алғысын білдіріп, өзінің білімі мен тәжірибесін кәсіпорынды өркендетуге бағыттайтынын жеткізді.