22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Өңірлік кадр резервін іріктеу

Бүгін 14 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жұмабай Ербол Көбейсінұлы «МАЭК» ЖШС ұжымымен кездесіп, кадрлық резервке іріктеу кезеңінің мақсаттары мен талаптары туралы әңгімеледі.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Өңірлік кадр резервіне қатысушылардың құжаттарын қабылдау 31 наурызға дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасында жүргізіледі. Оған жасы 35-тен аспаған, үш жыл еңбек өтілі, жоғары білімі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология бағыттары бойынша жүзеге асырылмақ.

Іріктеуді облыстың Кадр комиссиясы жүзеге асырады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Кездесуге қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 

«Қазір жоғары білімі бар жастардың қызметтік лауазымын көтеру үшін көп мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі осы 35 жасқа дейінгі жастардың кадрлық резервке өткізілуі. Іріктеу кезеңдеріндегі түрлі процедуралардан өту білім деңгейі биік, көшбасшылық қабілеті жоғары, дарынды жастарға қиын емес, тіпті қызықты болады деп ойлаймын. Сондықтан, біздің жастарымыз да бұл жобаға белсене қатысып, болашақта кәсіпорындағы жетекші лауазымдарға келеді деп сенемін», – дейді Бас директордың әлеуметтік және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхит Балхожаев.