03.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілімен кездесуі

24 қаңтарда өңірдің кәсіпорындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесулер және МАЭК-те сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шаралары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Біржан Хайруллиннің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кәсіпорынның Басқарма Төрағасы – Бас директоры өз сөзінде қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстану корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және олардың алдын алу шаралары талқыланды. Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Біржан Хайруллин Маңғыстау облысында және жалпы республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі. 

Комбинат басшылығы тұрақты негізде өткізіліп тұруы қажет осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтар бойынша кәсіпорын қызметкерлері МАЭК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің сенім телефонына хабарласа алады  +7 7292 564 266.