15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын басшы еңбек ұжымымен кездесті

23 қаңтарда комбинат басшылығы «YNTYMAQ» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесуге «YNTYMAQ» Кәсіпкерлік қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Төлеген Шайымов қатысты. 24 қаңтарда осындай кездесу «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мұрат Ізбаев бастаған кәсіподақ мүшелерімен болып өтті. Кездесу барысында жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелері және еңбек құқығы тұрғысындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Ендігі жерде бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және тағайындау ең алдымен, ішкі кадрлық ресурстардан қарастырылып, комбинатта еңбек ететін, кәсіпорын жұмысының ерекшелігін білетін, конкурстық іріктеуден өткен қызметкерлерден алынатын болады. Бұл жөнінде МАЭК қызметкерлерімен кездесу барысында энергокомбинаттың Бас директоры Қайрат Рахымов атап өтті. Жақын арада кәсіпорында бос лауазымдарға жұмысқа орналастыруға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын тұрақты конкурстық комиссия құрылады.

Сондай-ақ, кездесуде жұмысшылардың біліктілік разрядтарын өсіру мониторингін жүргізу мәселесі көтерілді. Бұл ретте де комбинатта ҚР барлық нормативтік құжаттарына сәйкес келетін, әр қызметкердің білімін, жұмыс тәжірибесін бағалайтын аттестаттау комиссиясын құру қажеттілігі атап өтілді. Оның құрамына сырттан сарапшылар алу және комбинаттың екі кәсіподақ өкілдерін енгізу ұсынылды. Кәсіпорын басшысы разрядтардың тағайындалу ретіне тексеру жүргізу туралы тапсырма берді.

– Егер қызметкер білім алуға және тиісті біліктілікті алуға дайын болса, онда ол тиісті дәрежедегі разрядын алуы керек. Сондықтан осы бағыттағы барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, қызметкерлерге біліктілік разрядтары берілетін болады, – деді Қайрат Болатұлы.

Кездесуде бөлімшелердің жұмысшыларына еңбек демалысын беру тәртібі туралы мәселе де қозғалды. Кәсіпорын бойынша демалыс кестесі жасақталған кезде өндірістің барлық шарттары ескеріліп, ҚР еңбек заңнамалары толықтай сақталуы тиіс және жұмыскердің тікелей басшысымен келісе отырып жасалуы қажет.

Сонымен қатар, жиналыс барысында мамандар сабақтастығы, арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды. «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахымов тиісті департаменттер мен қызметтерге кездесуде көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді және осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізіліп тұратынын атап өтті.