26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Марапаттау - игі дәстүр

Кәсіпорында кәсіби мереке қарсаңында қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттау игі дәстүрге айналған. Биыл да  Энергетик күні мерекесінің құрметіне өз еңбегімен еленіп, әріптестері алдында жоғары бедел мен құрметке ие болған бірқатар маэктік қызметкерлер атап өтілді.

Марапаттардың қатарында ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі мен Құрмет грамоталары, Қазэнергокәсіподағының «Құрмет белгісі» медалі мен Құрмет грамоталары, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының Құрмет грамоталары бар.

Мереке қарсаңында «МАЭК» ЖШС-нің екі жүзге жуық қызметкері ведомстволық наградаларға ие болды. Марапатталу құрметіне өз  мамандығын терең меңгерген, білімі мен білігі мол, жас мамандарды еңбекке баулып жүрген тәлімгер қызметкерлер ие болды.