26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа жыл қарсаңында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі кәсіпорын  қызметкерлерінің  балалары үшін жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Қаладағы ең еңселі салтанат сарайларының бірінде   өткен шара балалар үшін өте қызықты әрі көңілді өтті. Әсем безендірілген шыршаны айналып, ақшақармен жетектескен балалар ән салып, би билеп, тақпақ айтып мерекенің басты қонағы Аяз атаны риза қылды. Аяз ата да алыстан арқалап келген сыйлықтарын балапандарға таратып берді. Оған қоса сайқымазақтар мен  түрлі персонаждағы аниматорлар балалармен бірге ойнап, жаңа жылдық мерекенің қызығын одан әрі еселеді.

«Біздің кәсіподақ мүшелері балаларының жаңа жыл мерекесі өте қызықты өтті. Ол үшін осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан ұйымдардың басшыларына алғыс айтамыз. Осы жылғы шырша мерекесіне кәсіпорын аумағында қызмет ететін 3502 әскери бөлімінің көп балалы отбасыларының балаларын қатыстыруға мүмкіндік жасадық. Сондай-ақ, әскери бөлім қызметкерлерінің балаларына арнап 40  жаңа жылдық сыйлық тарту еттік. Біздің қалада тұратын  мүмкіндігі шектеулі тағы 50 балаға сыйлық жасадық. Сонымен қатар, комбинатта ұзақ жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан еңбек ардагерлерін кәсіпорынның Ардагерлер кеңесімен бірге құттықтап, сыйлықтар   табыстадық. Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін қолдан келген бар мүмкіндіктерімізді жасауға тырыстық»,-дейді Жергілікті кәсіподақ төрағасы Мұрат Ізбаев.

Балалар сән-салтанаты мол шырша мерекесіне қатысқан Аяз атамен, Ақшақармен, ұсқынсыз болса да көңілді болған мультфильм кейіпкерлерімен қимай қоштасты. Мерекеге балаларымен бірге қатысып, бірге қуанған ата-аналар қызықты Жаңа жылдық шара   ұйымдастырған кәсіподақ басшылығына ризалығын білдіріп, алғыстарын жеткізді.