26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Спартакиада 2023: Гір спорты

8 желтоқсанда «Орбита» спорт кешенінде «МАЭК» ЖШС бөлімшелері арасында спартакиада аясында гір спорты бойынша жарыс өтті. Жарысқа төрт салмақ дәрежесінде 7 команда қатысты.

Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар салмағы 24 кг болатын екі зіл тасты кеудеден жоғары бастан асыра көтеруі тиіс. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.

Жалпы командалық есепте Қауіпсіздік қызметінің спортшылары 43 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынға 39 ұпаймен Комбинат басқармасының Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының командасы шықты. ЖЭО-2 қызметкерлері жүлделі үшінші орынды 15 ұпай жеңіп алды.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды Комбинат басқармасының Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының қызметкері Игорь Трифонов иеленді. Игорь зіл тасты  41 рет  басынан асыра көтерді. 90 кг дейінгі салмақта Қауіпсіздік қызметінің қызметкері Талғат Әділхан гірді 40 рет көтеріп, екінші орынды иеленді. Қауіпсіздік қызметінің тағы бір спортшысы  Райымбек Мұстафин 82,5 кг дейінгі салмақпен гірді 22 рет көтерді.  Командалық есеппен бірінші орын алған Қауіпсіздік қызметінің үшінші өкілі Арман Шушаев  67,5 кг дейінгі салмақпен 8 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

«Спартакиада – 2023» биылғы жылы осы гір спорты жарыстарымен аяқталды. Спартакиаданың барлық жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап,  еңбекте де спортта да табыс, отбасыларына амандық тілейміз!