04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мерекедегі марапат

Республика күні мерекесі қарсаңында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласындағы көп жылғы табысты еңбегі үшін бірқатар ардагерлер мен сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында ұжымдасымыз, "МАЭК" ЖШС ДӨжӨЖСЖЗ 7-разрядты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары Сарқожа Мұхатов та бар. Бүгін ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері атанған Сарқожа Арыстанұлының комбинатта еңбек еткеніне биыл 40 жыл толады. Тәжірибелі маман еңбек ұжымында лайықты беделге ие, өндірістік міндеттемелерді аса жауапкершілікпен атқарады, әрі кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді араласады. Комбинаттың құрметті еңбек ардагері - Сарқожа Мұхатов өз тәжірибесін бөлімшенің жас мамандарына үйретіп, оларға мамандықтың негіздерін меңгеруге көмектеседі.

Марапатқа ұсынылғандардың қатарында Жөндеу зауытының 8-разрядты бу-газ турбиналық жабдықтарын жөндеу слесары Салауат Сартпанов бар. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін әріптесіміз де ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды.

Комбинатта жұмыс істеген 37 жыл ішінде Салауат Қауанұлы өзін жауапты және адал қызметкер ретінде көрсетті. 2005 жылы бригадир болып тағайындалды. Оның басшылығымен бригада күрделі және жауапты жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жөндеу зауытының қызметкерлері әрдайым еңбек тәжірибесі мол маманның қолдауынв арқа сүйеп, үлкен сенім артады. Әріптестерімізді жоғары кәсіби шеберліктері мен ұзақ жыл елге сіңірген адал қызметі үшін алған мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз!