04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

25 қазан - Республика күні

«МАЭК» ЖШС ұжымы еліміздің ең маңызды Ұлттық мерекелерінің бірі Республика күнін салтанатпен атап өтті. Ұлттық Әнұранмен басталған мерекелік жиында  алдыменен сөз алған кәсіпорынның Бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев  ұжымды мерекемен құттықтап,    еңбек майданында ел игілігі үшін тынымсыз қызмет етіп жүрген әріптестеріне өз алғысын білдіріп, жүрек жарды тілегін арнады.

 

Мерекелік шараға арнайы келген Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев  кәсіпорын тарихындағы күрделі кезең - комбинатты қайта жаңғыртып,  модернизациялау тұсында тәулік бойы тынбай қызмет етіп жатқан маэктіктердің ерен еңбегіне ризалығын білдіріп, мерекемен құттықтады.

 

- Маңғыстауды МАЭКсіз елестету мүмкін емес. Өйткені, өңіріміздің тіршілігіне қажетті барлық ресурстар сіздің кәсіпорында өндіріліп, беріледі. Сондықтан, сіздің ұжым қызметкерлерінің еңбегі ерен, сіздердің әрқайсыңыз ел экономикасының жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып отырсыздар. Қабылданған жаңғырту бағдарламасы бойынша комбинатта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың ойдағыдай жүзеге асырылуын қолдап, облыс, қала басшылығы үнемі атсалысатын боламыз. Бүгінгі мерейлі мерекеде сіздердің отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт, еңбегіңізге табыс тілеймін-, деді қала әкімі.

 

Мерекелік шарада Ұлықбек Тінәлиев  комбинаттың үздік қызметкелеріне Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған юбилейлік медалін табыстады. Сонымен қатар ұжымның бірнеше қызметкері облыс әкімінің  атынан берілген Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Мереке соңы комбинат өнерпаздарының концертіне ұласты.