Бүгін облыс орталығы Ақтау қаласында Республика күні мерекесіне орай болып өткен салтанатты жиында өңіріміздің басшысы Нұрлан Ноғаев облысымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ үздік қызметкерлерге марапаттар табыстады. Олардың қатарында "МАЭК" ЖШС Жылу электр станциясының бас инженері, еңбек сіңірген қызметкер, комбинаттың құрметті еңбек ардагері Сергей Владимирович Раков та бар. Ол ұзақ жылғы адал еңбегі үшін ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды.
Еңбегі еленіп, жоғары дәрежелі мемлекеттік марапат иеленген Сергей Владимирович - кәсіпорындағы өте сауатты техникалық мамандардың бірі, ол өндірістегі штаттан тыс жағдайларда тез әрі нақты әрекет ете алатын мықты маман. Ол қазандық турбиналық цехтың жабдықтарын жақсы білетін, ЖЭС жабдықтарын жөндеу, реттеу және пайдалану бойынша үлкен тәжірибесі бар білікті қызметкер.
Сергей Владимировичті жоғары марапатымен құттықтап, алда да алар асуларыңыз, шығар биіктеріңіз көп болсын деген тілегімізді арнаймыз!