Салтанатты рәсімде облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 60 азамат мерейтойлық медальмен марапатталды.
Іс-шараға қаланың алғашқы күндерінен бастап қалыптасуына үлкен үлес қосқан әр түрлі саладағы еңбек сіңірген ардагерлер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Марапатталғандардың қатарында кәсіпорында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан "МАЭК" ЖШС қызметкері Ирина Татаренко да бар. Ирина Николаевна көптеген жылдар бойы ОСЖТ-2 -де аппаратшы болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ЖЭС қазандық турбиналық цехының инженер-технологы.
Жұмыстан бос уақытында Ирина Татаренко Украин ұлттық орталығының квартетінде ән айтады. Маңғыстаудың табиғатымен жақсы таныс Иринаның Маңғыстаудың туристік нысандарына экскурсиялық турлар өткізген кездері болды. Ол Маңғыстау облысындағы "Т.Г. Шевченко атындағы этномәдени бірлестігі" ҚБ төрағасының орынбасары.