06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Шетел мамандарымен кездесу

«МАЭК» ЖШС БН-350 РҚ алаңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК мамандарының қатысуымен «NAC International» және «Tor Altai Nuclear Consulting» ЖШС өкілдерімен кеңес өтті.
Кеңесте БН-350 РҚ-дағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың қазіргі деңгейі туралы мәселелер және «NAC International» ұсынған БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан шығарудың концептуалды тәсілі бойынша ынтымақтастық тұжырымдамасы талқыланды.

«NAC International» компаниясының Вице-президенті Culp David Charles және консультанты Salvatore Marcelo жылы қабылдау үшін алғыс айтып, бұл кездесудің екі жаққа да пайдалы болатынын атап өтті.

1968 жылы негізі қаланған «NAC International» Америка Құрама штаттарында (АҚШ) құрылған тәуелсіз ұйым болып табылады және атом өнеркәсібінде 50 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде ядролық отын циклі технологиялары мен консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде, пайдаланылған ядролық материалдарды сақтауға және тасымалдауға арналған NAC патенттелген бөшке технологиясын пайдалана отырып, ядролық отынды қолданудан бастап стратегиялық жоспарлау мен нормативтік базаны әзірлеуге дейінгі кең ауқымды шешімдерді ұсынады.

Делегация БН-350 РҚ өнеркәсіп алаңына және орталық залына барып, бөлімшенің реакторды пайдаланудан шығару жөніндегі техникалық мамандарымен танысты.