25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Шетелдік қонақтар сапары

     «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не жапондық TEPCO Ventures  және Marubeni Corporation компанияларының өкілдері келді. Олардың келу мақсаты энергетикалық құрал-жабдықтардың ескіріп тозу мүмкіндігін алдын ала анықтау жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастық жағдайын талқылау болды. Делегация құрамында TEPCO Ventures компаниясы интернет технологиялар тәжірибесі орталығының бас директоры So Isaki мен басқарушы директоры Masafumi Tanaka,  Marubeni Corporation  компаниясының  Харассан жобалары департаментінің ядерлік отындар бөлімінің менеджері Shimpei Kimura, Марубени Харассан филиалының Алматыдағы жобалау кеңсесінің менеджері Shin Maeno бар. Оларды Марубени Харассанның Алматыдағы жобалау кеңсесінің меңгерушісі Асқар Серікбайұлы Қасабеков пен Астанадағы филиалдың бас инженері Ерік Қанатұлы Майшинов бастап келді.
   TEPCO Ventures   әртүрлі салада қызмет түрлерін цифрландырумен айналысатын жапондық ірі ТЕРСО энергетикалық компаниясының еншілес компаниясы. Марубени саудадан бастап ірі өндірістік инфраструктуралық объектілер құрылысын жүргізетін, басқа елдерде филиалдарын ашып, инвестор болатын көп салалы ірі компания.
    Делегация сапары комбинат жанындағы музейде энергетикалық кәсіпорынның құрылу тарихы мен құрылымымен, бүгінгі қызметі және БН-350 реакторлық қондырғысын қолданыстан шығару жұмысының барысымен танысудан басталды.
Сонан соң кеңес отырысында Masafumi Tanaka TEPCO Ventures компаниясы жүзеге асыратын инновациялық жұмыстарымен таныстыра келе комбинатта жабдықтардың істен шығуының алдын алуын қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама енгізуге ұсыныс жасады, ол жөндеу жұмыстары мен ұстап тұтынуға жұмсалатын шығындарды азайтуға қол жеткізетініне тоқталды.
   Ұсынылған бағдарламалардың бүгінгі қолданыстағы технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (АСУТП) енгізу мүмкіндіктері қарастырылғаннан кейін қолданыстағы жабдықтардың бұл ұсыныстармен сәйкестігі талданып, қорытындысы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не жіберілетін болып шешім алынды.
     Сондай-ақ, жиын кезінде Марубени компаниясының қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу жобасына инвестор және ұйымдастырушы ретінде қатысу мүмкіндігі қарастырылды. Жапондық қонақтар бұл мәселені компания мамандарымен ақылдасып қарастыруға уәде етті.
     Жиыннан соң жапондық қонақтар жылу-электр стансасында, ГТПИ-1 су тұшыту қондырғысында, БН-350 реактор қондырғысының негізгі басқару орталығы мен реактор залында болып, қондырғылардың техникалық құрылымдарымен, теңіз суын тұшыту технологиясымен, реакторды қолданыстан шығару жұмыстарымен танысты.
 
            
МАЭК посетили гости из Японии
    ТОО «МАЭК-Казатомпром» посетила делегация японских фирм TEPCO Ventures и Marubeni Corporation. Цель приезда - обсуждение возможных направлений и форм сотрудничества по внедрению системы ранней диагностики неисправностей энергетического оборудования. В составе делегации принимали участие So Isaki – Генеральный директор Центра передового опыта по интернет технологиям компании, Masafumi Tanaka – управляющий директор Центра передового опыта по интернет технологиям (ТЕРСО Ventures),  Shimpei Kimura – менеджер отдела ядерного топлива Департамента проектов Харассан, Shin Maeno – менеджер проектного офиса в Алматы филиала Марубени Харассан (Marubeni Corporation). Гостей сопровождали Аскар Касабеков – управляющий Проектного офиса Марубени Харассан в Алматы и Ерик Майшинов – главный инженер филиала Марубени Харассан в г. Астана.
    TEPCO Ventures является дочерней компанией крупнейшей в Японии энергетической компании «TEPCO», специализирующейся на цифровизации различных областей деятельности. «Марубени» - крупная многопрофильная компания, занимающаяся торговлей, строительством крупных промышленных инфраструктурных объектов, кроме того, выступает в качестве инвестора во многих странах и имеет в них свои филиалы.
   Визит гостей из страны восходящего солнца начался с посещения призаводского музея, где познакомились с историей создания и структурой энергопредприятия, производственной деятельностью комбината, а также работами по выводу РУ БН-350 из эксплуатации.
   На совещании Masafumi Tanaka, презентуя инновационные работы, осуществляемые компанией TEPCO Ventures,  предложил ввести на комбинате специальное программное обеспечение для ранней диагностики отказов оборудования, с целью сокращения затрат на ремонт и обслуживание.
     После обсуждения возможностей адаптации предложенных программ к существующим системам АСУТП, было принято решение подготовить и направить в ТОО «МАЭК-Казатомпром» опросный лист для последующего анализа совместимости имеющегося оборудования с предлагаемым программным обеспечением.
     Также на совещании была обсуждена возможность участия компании Марубени в качестве инвестора и организатора в проектах по переработке твёрдых и жидких радиоактивных отходов. Японская сторона обещала рассмотреть этот вопрос со специалистами компании.
       После совещания гости из Японии посетили ТЭС, опреснительную установку ГТПИ-1, реакторный зал и главный щит управления РУ БН-350, где были проинформированы об основных технических характеристиках установки, о применяемой технологии опреснения морской воды и о состоянии работ по выводу реактора из эксплуатации.

Колганат Нуржаубайулы