24.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭКтегі пресс-тур

         «МАЭК» ЖШС-де Алматы облысынан келген журналистер мен блогерлерге, қоғам белсенділеріне арналған баспасөз туры болып өтті. Турдың негізгі мақсаты қатысушыларды дүние жүзінде алғаш Маңғыстау жеріне салынып, жиырма бес жыл жұмыс істеген БН-350 жылдам нейтронды реактор қондырғысын пайдаланудан шығару процестерімен таныстыру.
Баспасөз турын ұйымдастырушы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС болды.
         Делегация қатысушылары БН-350 реактор қондырғысының орталық залында болып, дозиметриялық бақылау қалқанында және реакторды басқару қалқанында болды.
         Сондай-ақ, қонақтар Дистиллят және өнеркәсіптік жылу, сумен жабдықтау зауытына барып ауыз су дайындау үшін пайдаланылатын дистиллятты өндіру процесімен танысты. Кәсіпорын мұражайында комбинаттың қалыптасу тарихымен танысты, көп жылдар бойы БН-350 Реакторлық қондырғысында қиын да күрделі қызмет атқарып, бүгінде құрметті демалысқа шыққан ардагерлермен кездесті.