24.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мамандық таңдау – маңызды қадам

         15 Маусымда «QUATTY ARULAR» әйелдер клубының бастамасымен комбинат қызметкерлерінің 9-11 сыныпты тәмамдаған балаларымен кездесу ұйымдастырылды.
         Кездесуге техника ғылымдарының кандидаты, Құрғақ аймақтарды тұрақты дамыту институтының директоры және Ш.Есенов атындағы университеттің Энергетика және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, комбинатта 40 жылдан астам жұмыс істеген Муралев Евгений Дмитриевич қатысты. Евгений Муралев оқушыларға жылу энергетикасы мамандығының маңыздылығы және адам өмірінде алатын орны туралы, сондай-ақ «жасыл» технологиялар орталығының зерттеулері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, студенттерді үш тілде оқытып, қазақстандық және неміс дипломдарын беретін жаңадан ашылған Қазақстан-Неміс инжиниринг институтының жұмысымен таныстырды.
         Бұдан әрі «МАЭК» ЖШС мұражайында ӨҚД Радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер Константин Середнюк оқушыларға БН – 350 жылдам нейтронды реакторлық қондырғысының тарихы, оның жұмыс істеу принципі мен пайдаланудан шығару жұмыстары туралы айтып берді. Балалар мұражайдың Атом энергиясына арналған залындағы реактордың элементтері мен схемалары, фотосуреттер мен құжаттары қойылған экспозицияларын қызығушылықпен қарады. Оқушыларға әсіресе Маңғыстау өлкесінің табиғи көрікті жерлері бейнеленген зал ерекше ұнады.
"QUATTY ARULAR" әйелдер клубы мектеп бітірушілерге болашақ мамандықты дұрыс таңдауға белсенді атсалысқан мамандарға алғыс білдірді.