04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жабдықтарды жаңғырту мәселесі басты назарда

Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаевтың төрағалығымен «МАЭК» ЖШС энергетикалық кешенін жаңғырту  жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. Жиынға жұмыс тобының мүшелері - облыстағы қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен азаматтық белсенділер, комбинаттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысты. Кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев қатысушыларды жоспарланған іс-шаралар және кәсіпорынды жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

Кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру бағытындағы жоспарда   кезек күттірмейтін, жедел іске қосылуды қажет ететін жобалар да бар. Әсіресе, өңірдің қарқынды дамуы мен қалада жаңа шағын аудандардың көбеюі, соған орай  тұтынушылар санының да артуы  халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін бірінші кезекке шығарды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының әкімдігі өнімділігі тәулігіне 24000 м3 тұшыту қондырғыларын салу бойынша мердігерлік ұйымды айқындау рәсімін жүргізуде. Сондай-ақ, ауыз су тапшылығын азайту үшін ЦУВС-2-де өнімділігі тәулігіне 5000 м3 дейінгі кері осмосты су тұшыту қондырғысын орнату жоспарлануда. Каспий теңізіндегі судың деңгейінің төмендеуіне байланысты соңғы жылдары МАЭК-тің су жинау каналдарындағы су деңгейі де төмендеді. Қазірде  кәсіпорын мамандары  арналардағы су деңгейін тез арада қалпына келтірудің тиімді нұсқаларын қарастыруда. Мамандар комбинатты  жаңғырту бағдарламасы аясында  осы және басқа да жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Жиын соңында қатысушылар комбинаттың бас директорына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Кәсіпорынды жаңғырту жоспарының орындалысы туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде, баспасөзде жариялап тұру туралы ұсыныс білдірді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамытудың жеті бағытын атап көрсеткен еді. Облысты трансформациялау басымдықтарының бірі Маңғыстау облысының сумен жабдықтау жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «МАЭК» ЖШС-гін  жаңғыртуға ерекше назар аудару керектігін атап өткен болатын.