06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары тағайындалды

«МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып экономика ғылымдарының докторы Айзада Үмбетқызы Аққайсиева тағайындалды.

        Айзада Аққайсиева И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ академиясын «Экономика және мұнай, газ өнеркәсібін ұйымдастыру» мамандығы, «Инженер-экономист» квалификациясы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Орталық мемлекеттік органдарында және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жұмыс істеді.