«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 7-1-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпан №118 бұйрығымен бекітілген «ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған тарифті айқындау» қағидаларына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы бөлігінде электр энергиясының босату бағасының өзгергені туралы хабарлайды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 30.11.2022 жылғы №119 бұйрығымен станциялардың шиналарынан электр энергиясына 1 кВт үшін ҚҚС-сыз 15,43 теңге мөлшерінде 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін босату бағасын белгіледі, Босату бағасы мыналардан тұрады:
* «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС энергия өндіруші ұйымының ҚҚС-сыз 1 кВтсағ үшін 14,87 теңге мөлшерінде электр энергиясына шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасы;
* жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға ҚҚС-сыз 1 кВтсағ үшін 0,56 теңге мөлшерінде үстемеақы.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі