19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

БН-350 реакторлық қондырғысының іске қосылғанына 50 жыл

  29 қараша күні кәсіпорын БН-350 реакторлық қондырғысының  физикалық іске қосылғанына 50 жыл толған мерейлі күнді атап өтті. Салтанатты шараға осында  ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер  және бөлімше қызметкерлері қатысты.

Реактордың физикалық іске қосылуы 1972 жылдың 29 қарашасында, ал Маңғыстаудың энергия жүйесіне қосылуы  1973 жылдың 16 шілдесінде жүзеге асырылды.   

Әлемдегі ең алғашқы жылдам  нейтронды реактор ретінде тарихқа кірген БН-350 қондырғысы 25 жыл ақаусыз жұмыс істеп, өзінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты 1998 жылдың наурыз айында тоқтатылды. 1999 жылы ел Үкіметінің реакторлық қондырғының жұмысын тоқтату туралы №456 Қаулысы  қабылданып, оны   пайдаланудан шығарудың негізгі кезеңдері мен мерзімдері нақтыланды. Объектінің бірегейлігі, қауіптілігі және атқарылар жұмыстарының технологиялық күрделілігі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрінің 2003 жылғы 9 қазандағы №200   бұйрығымен  «БН-350 РҚ пайдаланудан шығару Жобасының Негізгі ережелері» әзірленіп, бекітілді. Бүгінде кәсіпорында реакторлық қондырғыны істен шығару жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

   БН-350 реакторын апатсыз табысты пайдаланудың орасан зор тәжірибесі, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері, сондай - ақ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде реакторды пайдаланудан шығару бойынша қазіргі уақытта алынып отырған баға жетпес тәжірибе-мұның бәрі әлемдік атом энергетикасын дамыту үшін зор маңызға ие.

  Салтанатты шарада БН-350 РҚ директоры Марат Молдағұлов, сондай-ақ, бөлімшелер, департамент және кәсіподақ басшылығы аса маңызды күрделі жобаны жүзеге асыруға атсалысып, еңбек сіңірген ардагерлерді құттықтады.

  Сондай-ақ, бұл күні еңбек озаттары мен ардагерлерге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылып, лайықты қошамет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

Алымов Михаил Федорович

Баландин Александр Сергеевич

Войтович Семен Семенович

Воронков Юрий Николаевич

Князева Людмила Ивановна

Коршунова Алла Ивановна

Петриченко Борис Александрович

Петухов Анатолий Николаевич

Стародубов Юрий Васильевич

Шульц Александр Оттович

Первунин Георгий Филиппович

Тропин Владимир   Александрович

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хатымен:

Амельченко Александр Алексеевич

Белобородов Анатолий Михайлович

Бетин Александр Иванович

Олиско Валентина Тимофеевна

Илясов Нураддин Энверович

Кучеров Сергей Алексеевич

Монахов Владимир Анатольевич

Нечитайло Юрий Петрович

Пряничников Александр Павлович

Пугачев Геннадий Петрович

Сорокин Виктор Павлович

Скориков Николай Викторович

Сюваткин Юрий Михайлович

Измайлов Бегенч Хаджиевич

«МАЭК» ЖШС  Бас директорының Алғыс хатымен:

Волков Александр Иванович

Ильин Владимир Александрович

Ильина Татьяна Ивановна

Карбышев Игорь Александрович

Коковихина Людмила Алексеевна

Кончина Любовь Владимировна

Коровина Нина Васильевна

Лапаева Нинэль Леонидовна

Москвина Татьяна Маннуровна

Нестерцов Геннадий Дмитриевич

Ряжских Юрий Васильевич

Стуколов Владимир Михайлович

Фисенко Иван Григорьевич

Хамелис Михаил Александрович

Хорошавин Роберт Сергеевич

Черткова Резеда Расимовна

Червонная Татьяна Павловна