23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭКті жаңғырту бойынша жобалар дайындалуда

7 қарашада Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамытудың жеті бағытын белгіледі. Облысты трансформациялау басымдықтарының бірі Маңғыстау облысының сумен жабдықтау жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту болуы тиіс.

2025 жылға қарай облыста суға деген қажеттілік 260 мың текше метрге дейін өседі деп күтілуде. Өңірдің қарқынды дамуы мен халық өсімінің жоғары қарқыны инженерлік желілерді жаңғырту қажеттілігі мәселесін өткір қойып отыр. Коммуналдық инфрақұрылымның бүгінгі жағдайы мұндай жүктемелерге төтеп бере алмайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» қуатын кеңейтуге ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

«Өңірдегі су, жылу және электр энергиясының негізгі жеткізушісі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС болып табылады. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындағы жабдықтардың тозуы 80% - дан асады. Облысқа бұрынғы жұмыс сапарым барысында мен кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Үкімет ол бойынша қажетті қаражатты қарастыруы қажет. Жақын арада осы жұмыстарды жүзеге асыруға кірісу керек», - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Президенттің бұл тапсырмалары «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің бұған дейінгі 2023-2030 жылдарға арналып жасалған жабдықтарды жаңғырту және жаңарту жөніндегі әзірленген жоспарымен сәйкеседі.

Мәселен, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС техникалық жағдайын жақсарту бойынша алғашқы жасалған жоба ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп әзірленген 139 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы болды. Жаңа блокты орнату Электр қуаты нарығы шеңберінде іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта уәкілетті орган - ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімге қол қойылды. Жақын арада техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге конкурс өткізілетін болады.

МАЭК сонымен қатар «ҚазҒЗИЭнергетика өнеркәсібі» институтымен екі қазандық агрегатты жаңғырту мен реконструкциялаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге, Бу турбинасын жаңасына ауыстыруға және ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де екі су жылыту қазандығын салуға шарт жасасты.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының әкімдігі МАЭК-тің су тұшыту қондырғыларының қуатын арттыру бойынша жұмысты бастады. Халықты ауыз сумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында өнімділігі тәулігіне 24 мың м3 болатын жаңа ГТПИ-4А, 4Б және ГТПИ-5А, 5Б орнату жоспарлануда. Құны 18,7 млрд. теңге болатын жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, оны келесі жылы іске асыруға кірісу жоспарлануда. 

«Каспий» су тұшыту зауытының қуатын кеңейту мақсатында  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сорғы жабдықтарын, ЖЭО-1 су тарту арнасын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі