26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әріптесіміз Азия чемпионатының жүлдегері

          Игорь Трифонов  кәсіпорынның Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехында электр слесарі қызметін атқарады. Бос уақытын спортқа арнайтын Игорьдің бүгінге дейінгі жетістіктері  жетерлік. Ол пауэрлифтингтен 2008 жылы Әлем чемпионы атанса,  2010 жылғы осындай  бәсекеде екінші орын алған. Ал жақында  7-11 қыркүйек аралығында Монғолияның Улан Батор қаласында  өткен International Powerlifting Federation (IPF) әлемдік Федерациясының барлық жастағылар арасындағы Азия чемпионатында зілтемірді экипировкалық және классикалық жатып көтеруге қатысып, қос бірдей қола медальді қанжығасына байлап қайтты.   

        105 кг салмақта Игорь жарыстың экипировкалық дивизионында 300 кг, классикалық дивизионында  200 кг  нәтижесімен жүлделі үшінші орынды  екі мәрте иеленді. Әйтсе де, спортшы бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге осы жылдың мамыр айында өткен әлем чемпионатында алған жарақаты әсер еткенін айтады.

        - Жарақаттан толық айығуға уақыт аз болды. Дегенмен, екі дивизионда да негізгі қойылған міндеттер түгелдей орындалды. Алдағы уақытта денсаулығымды қалпына келтіріп, келесі жылғы әлем чемпионатына дайындыққа кірісемін. Келер жарыстарда қателіктер жібермес үшін енгізілген жаңа стандарттар бойынша жаттығуларды жандандыруым қажет,- дейді ол.

        Маңғыстау энергетикалық колледжінің түлегі Игорь  кәсіпорында 2010 жылдан бері еңбек етеді. Өз қызметін абыроймен атқарып жүрген білікті маман. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын жаттығуларға арнайтын спортшы жігіт ұжымдастарының алдында беделді әрі нағыз үлгі тұтарлық азамат.

        Жеңісті күндерің көп болсын, әріптес!

                                                                                                                                                                                     Гүлбаршын Байназарова