26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ақтауда жылу энергиясы мен су өндіру тарифтеріне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

 

26 тамызда стратегиялық тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нен жылу энергиясын өндіру, магистральдық құбыржолдары арқылы су беру (ауыз су, техникалық және ыстық су өндіру) жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен тарифтік сметаларын бекітуге келіп түскен өтінім бойынша  жария тыңдау болып өтті.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13-тармағына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті ұйымдастырған тыңдауға кәсіпорынның қызметкерлері, тұтынушылар, сондай-ақ қоғам белсенділері және өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Бектемір  кәсіпорынның қажеттіліктері негізіндегі есепті ескере отырып, тарифтерге өзгерістер енгізуге өтінім берілгені туралы және  кәсіпорынның бүгінгі күнгі өндірістік жағдайы туралы ақпаратты ұсынды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өнеркәсіптік тұтынушыларды, Ақтау қаласының және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын электр энергиясымен, жылу энергиясымен, ауыз сумен, техникалық және ыстық сумен жабдықтауды жүзеге асырып, облысымыздың тыныс-тіршілігін және одан әрі дамуын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар комбинат облыстан тыс аймақтардың да  энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысады.

МАЭК-тің негізгі энергетикалық жабдықтары 1960-1990 жылдары пайдалануға берілді. Соған орай оларға қызмет көрсету мен жөндеуге де жыл сайын көбірек қаражат қажет етілуде. Негізгі жабдықтың физикалық тозуы қазіргі уақытта 80%-дан асты. Сондықтан, өндіріс тиімділігінің төмендеуінен басқа, жалпы өңірді энергиямен жабдықтау тұрақтылығы мен сенімділігінің төмендеу  қаупі орын алуда.

Соңғы жылдары металл және металл өнімдері бағасының айтарлықтай өсуі байқалады. Сонымен қатар, әлемдегі сыртқы саяси жағдайға байланысты валюталар бағамының теңгеге қатысты ұлғаюын байқап отырмыз, бұл жағдай жабдықтарды жөндеу  жұмыстарының қымбаттауына және тиісінше кәсіпорын бюджетін түзету қажеттілігін туындатады.

Ағымдағы жылы күрделі құрылыс пен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру сомасы өз қаражатымыз есебінен 5 401 млн.теңгені құрады, ал қажеттілік 100 млрд. теңгеден астам.

Уәкілетті органның 2019-2024 жылдарға шығынды жаппайтын тариф  бекітуіне және газ, химиялық реагенттер мен материалдар бағасының жыл сайын өсуіне байланысты кәсіпорын қаржылық-экономикалық шығындарға ұшырауда. Тек соңғы төрт жылда - 2019 жылдан бастап 2022 жылдың 1 жарты жылдығы аралығында кәсіпорында жылу энергиясы мен ауыз су, ыстық су және техникалық су өндірісінде 11,9 млрд.теңге мөлшерінде шығындар қалыптасты.

- Өндірілетін өнімнің өзіндік құны оларды сатудан түскен кірістен әлдеқайда жоғары. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясының өзіндік құны сатудан түскен табыстан 73% - ға асып, кәсіпорын 1 715 млн.теңгеге шығынға ұшырады, ауыз су, ыстық су,  техникалық су өндіру бойынша өзіндік құн табыстан 35% - ға асып түсті. Бұл да шамамен 1 175 млн. теңге шығын әкелді. 2022 жылғы жағдай да сондай, осы жылдың 1 шілдесінен бастап газ бағасы 10%-ға өсті. Бұл шығындарды одан әрі арттырады. Кәсіпорын өндірісінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету және тұрақты қаржы-экономикалық жағдайды сақтау мақсатында біз тауарлық газды жеткізуші алдындағы қарыздарды жабу үшін айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктерден қарыз қаражатын тартуға мәжбүрміз, - деп хабарлады Руслан Бектемір.

Кәсіпорындағы тарифтерді көтеру қажеттілігінің себептерін айқындайтын негізгі маңызды фактор - газды сатып алу және тасымалдау шығындарының артуы, сондай-ақ электр энергиясын өндіру шығындарының ұлғаюы болып табылады.

Тарифтер жобасы талқыланғаннан кейін шешімді кәсіпорынның қажеттіліктері мен тұтынушылардың ұсыныстарын ескере отырып, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қабылдайтын болады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС    баспасөз қызметі