Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны +7 7292 564 266

Конституция күнімен құттықтау

Құрметті комбинат  қызметкерлері, әріптестер!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 27 жыл бұрын өткен бүкілхалықтық референдумда Біз Қазақстанды біртұтас, зайырлы, құқықтық және саяси тұрақты мемлекет деп жариялаған Негізгі Заң қабылданған тарихи оқиғаның қатысушылары болдық.

2022 жылғы маусым айында Қазақстан халқы Конституцияға қоғамның елеулі саяси трансформациясына бағытталған түзетулерді енгізуді мақұлдап, тәуелсіз еліміз тарихының жаңа парағын ашты.  

Бүгінде елімізді мекен еткен жүздеген ұлт өкілдері ортақ мүдде, жарқын болашақ жолында бір кісідей жұмылып, еңбек етуде. Ең маңыздысы - қоғамымызда еліміздің тәуелсіздігін одан әрі баян етіп, іргесін бекіте түсетін бірлік пен ынтымақтастық, заңның үстемдігі, құқықтар мен бостандықтарды мүлтіксіз сақтау қағидаттары берік орнаған. Қазақстанның әр азаматы  өркендеу мен өсуге, бақыт пен байлыққа жеткізер осынау қасиетті ұғымдардың қадір-қасиетін терең сезінеді.

Мерейлі мерекеде әрқайсыңыздың отбасыңызға амандық, ырыс пен береке, еңбегіңізге жеміс тілеймін!

 

Құрметпен,                                 Бас директор Т. Есентүгелов