22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ХАБАРЛАМА

Құрметті Ақтау қаласының және Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары!

       «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі-МАЭК) төлем қабілеттілігінің расталмағанына байланысты «AllianceEnergoSnab» ЖШС-мен және оның филиалымен (бұдан әрі-Альянс) 2022 жылға келісім шарт жасасқан жоқ.

        07.12.2020 жылы  Электр энергетикасы туралы Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес төлемге қабілетсіз сатып алушылармен көтерме сауда нарығында шарт жасасудан бас тарту үшін негіздер көзделген.

        Сатып алушылардың өтінімдерін объективті түрде қарау үшін  МАЭК-те арнайы комиссия құрылды. Қазақстан Республикасы Бірыңғай энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының 3 облысынан келіп түскен 16 өтінімді қараудың нәтижелері бойынша   энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (бұдан әрі-ЭЖҰ) 15 өтінімін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды және 1 ЭЖҰ-дан бас тартылды.

        Альянс өзінің төлем қабілеттілігін бүгінге дейін растай алмады, оның үстіне 14.12.2021 жылы олардың бастамасымен оңалту процедурасы қозғалды, осы шара барысында төлем қабілетсіздігін борышкердің өзі қосымша растады. Қазіргі уақытта Альянстың МАЭК алдындағы дебиторлық берешегі 4,9 млрд.теңгеден асты. Альянс соңғы 3 айда онымен келісімшарттардың бұзылуына қарсы болған кезде, МАЭК алдындағы қарызын қысқартудың орнына  керісінше арттырып отыр.

        Халықты, денсаулық сақтау, білім беру объектілерін, құқық қорғау органдары мен басқа да тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында МАЭК тиісті лицензиялары бар және өзінің төлем қабілеттілігін растаған жұмыс істеп тұрған Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясының босатылатын көлемін сатып алуды ұсынды. Бұл ретте МАЭК бөлшек сауда нарығының қатысушысы болып табылмайды, жекелеген тұтынушылар үшін нақты ЭЖҰ таңдауға өкілеттігі жоқ.

        29.12.2021 жылы Маңғыстау облысының барлық төлем қабілеттілігін растаған Электрмен жабдықтау ұйымдары және  энергия таратушы ұйымдардың, өңірлік электржелілік компанияның, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы  кеңес өткізілді. Кеңес барысында Маңғыстау облысының төлемге қабілетті төрт  ЭЖҰ-на босаған электр энергиясының көлемін сатып алу ұсынылды, олардың үшеуі 2022 жылдың бірінші тоқсанында тұрмыстық тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдарды энергиямен жабдықтаудан бас тартты.

        Облыстың 4 ауданы мен Жаңаөзен қаласының тұтынушыларына қызмет көрсететін  «Маңғыстау Жарық» ЖШС – ЭЖҰ-ы босатылатын электр энергиясын сатып алуға дайын екендігін білдірді.

        МАЭК және Электр энергетикасы нарығына қатысушылар төмендегідей шешім жасады:

  1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдарға және Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындарына «Маңғыстау Жарық» ЖШС-мен шарт жасасу ұсынылсын;
  2. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның шектеулерімен байланысты емес заңды тұлғалар ЭЖҰ-ны өз қалауы бойынша таңдауға ерікті.