29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы» өкімге 8 қаңтарда қол қойды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында террористік актілер салдарынан қаза болғандарды аза тұту белгісі ретінде Қазақстанның Мемлекеттік туы төмен түсірілді.

Энергокомбинат ұжымы еліміздің бірқатар аймақтарында болған қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

Ұлттық аза тұту күнін жариялау туралы шешімді ел Президенті қабылдайды. Жалпыұлттық аза тұту күндері ойын-сауық шаралары мен теледидардағы хабарлар тоқтатылады. Бұл күні бүкіл ел бойынша, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС баспасөз қызметі