15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ядролық қауіпсіздік мәселелерін екіжақты талқылау

 

Тамыз айның соңғы аптасында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі агенттігі мен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (АЭҚБК) қызметкерлерінен құралған  бір топ делегация мүшелерін қабылдады.

Жұмыс сапары аясында сарапшылар ядролық материалдарды ұзақ уақыт сақтау, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық материалдарды қорғаудың қолданыстағы жүйелерінің жұмысы туралы мәселелерді талқылады.

- Бүгінгі кездесудің мақсаты - кәсіпорынның ядролық қауіпсіздік саласында жүргізіп жатқан жұмысымен танысу, бөлімшедегі пайдаланылған материалдарды қорғау бойынша жүзеге асырылған іс-шараларды өз көзімізбен көру, жоспардағы шараларды жетілдіру және оларды қаржыландыруға қолдау көрсету. Ядролық материалдарды таратпау мәселесі барлық елдер үшін өте маңызды, сондықтан бүгінгі диалог барынша ашық өтетініне сенімдімін, - деп атап өтті АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі агенттігі жобасының жетекшісі Дэвид Фишман.

 

       «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі